loader

АХҚО Бюросы мен Қазақстанның ішкі аудиторлар институты ынтымақтастық орнатты


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен ҚР ішкі аудиторлар институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатқа «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов пен ҚР ішкі аудиторлар институтының сертификаттау бойынша директоры Малика Қапарова қол қойды.

Бұл меморандумның басты мақсаты – ішкі аудиторларға арналған жаңа оқыту бағдарламасын ашу.

«АХҚО Бюросында бірқатар халықаралық білікті компаниялармен ынтымақтастық орнатылған. Түрлі бағыттар бойынша мамандарды оқытамыз. Енді әр жарты жыл сайын жаңа бағдарламалар ашып отырамыз. Қаржы министрлігі аудиторларға арналған CIA (Certified Internal Auditor) сертификатын қосуды сұрады. Себебі, министрлік ішкі аудиторлар әзірлеу қажет. Біз нарықты зерттей келе, CIA бағдарламасын қосуды ұйғардық. Біздің міндетіміз – жергілікті нарыққа халықаралық білімді қолжетімді ету, сондықтан меморандум бекітіп, бірлесе оқытушылар әзірлегіміз келеді», — деді Ернұр Рысмағамбетов.



Бұған дейін «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ҚР Қаржы миинстрлігінің барлық аудиторларының халықаралық дәрежеде білім алатынын хабарлаған еді.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/ahko-byurosy-men-kazakstannyn-ishki-auditorlar-instituty-yntymaktastyk-ornatty_a3556135”